Еліміздің қазынасы шалдар ма?

none

«Қаңтар қырғыны» оқиғасы бойынша қоғамдық пікір айдынында оңбай жеңіліс тапқан Ақорда идеологтары молдаларға арқа сүйеді. Ертең, 2022 жылдың 2 ақпаны күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) «әл-Фараби» залында «Қариялар – ел қазынасы» атты І республикалық ақсақалдар форумы өтеді. Форумға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Омаров пен Бас мүфти Н.Өтпенов бағдар беріп, арнайы баяндама жасайды.

text

Мүфтият маңындағы құпия дереккөздің айтуынша, форум «Қаңтар оқиғасы» толқуында митингішілерге қарсы «ескертусіз оқ атуға» жария түрде бұйрық берген президент Қ.Тоқаевтың әрекетін ақтап алуға бағытталады. Оны «20 мың терроршыға тойтарыс беріп, елді аман сақтап қалған ұлт батыры» дәрежесіне дейін көтеруі мүмкін. «Бөлініп-жарылмай, халықты Тоқаевтың маңына топтасуға» үндейді. Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысында бейтарап позиция ұстанып отырған Тоқаев режимінің «алды-артын ойлайтын көреген саясаты» жөнінде де айтылады.

ҚМДБ жанына құрылған «Ақсақалдар кеңесі» жөнінде бұған дейін serke.org сайтында жазылған: «Ақсақалдар кеңесін» ҚМДБ төрағасы өзінің жеке басындағы проблеманы шешу үшін пайдаланады.

Мүфтият жанынан құрылған «Ақсақалдар кеңесі» Ақорда үшін де маңызды. Екі-үш жылдан бері 80 жастан асып кеткен Н.Назарбаевқа қарсылық «Шал, кет!» деген ұранға арқау болды. Назарбаев және оның отбасы биліктен шеттетілгенмен бұл ұран қазақ қоғамының санасында қалып қойды. «Қаңтардағы қанды қырғыннан» кейін "Шал, кет!» ұран әлдеқашан зейнет жасынан асып кеткен Тоқаевқа қаратып айтыла бастады. Бұл Ақорда идеологтарын қатты мазалайтын сияқты. Сондықтан ақпан айының басында ҚМДБ жанынан «Ақсақалдар кеңесін» жеделдетіп құру жөнінде тапсырма берілді. Жоғарыдан берілген критерий бойынша, «Ақсақалдар кеңесіне» 60 жастан асқан, орден-медаль мен атақ-даңқы бар адам, яғни, Тоқаевтың замандастары ғана мүше бола алады. Осылайша Тоқаевты қазақ қоғамына «арпа ішіндегі бір бидай» қылып көрсетпекші.

Қазақтың түсінігінде қарт адамдарға қатысты айтылатып «шал» мен «ақсақал» сөзі екі мағынаны береді. Егде тартқан жасына қарамай елге дұрыс бағыт-бағдар беріп, «қарақылды қақ жарып» сөйлейтін әділетшіл қартты «ақсақал» деп атайды. Өзінің күйкі тірлігінен шыға алмай, қарабасының, әрі кеткенде бала-шағасының қамын ғана ойлайтын кәрі адамды «шал» дей салады. Әсілінде, «шал» сөзі жағымсыз сипатта жиі қолданылады. Сондықтан, Назарбаев режимі тұсында билікке жағынып атақ-даңқ пен марапатқа бөленген «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелерін «шал» деп атаса болады.

Материалды дайындаған Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 01.03.2022 349

Қатысты мазмұн