Еліміздің барлық өңірінде мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат берілді

none

Елімізде діни нысандардың ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат берілді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандардың қызметіне жабық үй-жайда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ашық ауада қызмет көрсетуіне рұқсат етілді», - деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, кеше еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Аталған құжатта мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни нысандар аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылатындығы жазылған.

inform.kz

Айдары: Найзағай 04.05.2021 63

Қатысты мазмұн