Депутат азық-түлік бағасына алаңдаушылық білдірді

none

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда азық-түліктің қымбаттауына байланысты үкіметті бағаны ұстау тәсілдерін өзгертуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстандықтар үшін күнде сатып алатын азық-түлік бағасының өсуі бірінші кезектегі мәселе болып отыр. Ұлттық банк үкіметпен инфляция небәрі 7,2 пайыз болды деп есеп берді, бірақ дүкендерде мүлдем басқа көріністі байқап отырмыз. Жеке азық-түлік өнімдерінің бағасы еселеп өсіп жатыр.

Жақында халық картоптың келісі 500 теңгеге дейін күрт қымбаттағанда наразы болды. Мысалдарды жалғастыра беруге болады. Үкімет жағдайды мұқият қадағалап, азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін тиісті шаралар қабылдауы керек деп санаймын", - деді Аманжан Жамалов.

Ол Палата отырысында вице-премьер Роман Скляр мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринге сұрақ қойды.

Депутаттың пікірінше, инфляциямен күресу үшін алдымен монополиялар мен картельдермен күресу керек. Мәжілісмен жақында Ресей премьер-министрі бағаның өсуінің негізгі себебі ретінде жекелеген өндірушілер мен сауда желілерінің ашкөздігін атап өткенін еске салды.

"Бұл Қазақстан үшін де солай. Біздің Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттігіміз немен айналысатыны құпия болып қала береді. Министрлер де жағдайды түсіндірумен айналысып отыр, бірақ халық әлі айтарлықтай өзгерістерді көрген жоқ", - деді депутат.

Оның айтуынша, төрт ай ішінде монополияға қарсы орган бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, сүт өнімдері, тауық еті, макарон өндірушілері мен көтерме жеткізушілеріне 48 хабарлама берген.

"Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы 12 айда жұмыртқа 33,7 пайызға, күнбағыс майы 48 пайызға, қант 26,3 пайызға, қарақұмық жармасы 29,4 пайызға қымбаттады. Бұл агенттік хабарлама берген тауарлар. Бізге мұндай "жұмсақ құқықтың" керегі не? Мұндай жағдайда үлкен жұмыс атқарып жатқандай болудың орнына тиімді әрекет ету керек деп санаймын", - деді депутат.

Мәжілісмен үкіметті әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу себептерін талдауға, бағаның өсуін тежеу бойынша қолданыстағы тәсілдерді өзгертуге, жеткізушілер мен сатушылардың сөз байласуы нәтижесінде бағаның алыпсатарлық өсуіне қарсы күрес жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, елімізде атаулы әлеуметтік көмекті ұлғайту немесе халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін азық-түлік сертификаттарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, бағаны ұстау бойынша батыл және тиімді шаралар әзірлеу үшін нақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру (жауапкершілікті дербестендіре отырып), қабылданатын шаралар туралы халықты кеңінен хабардар етуді ұйымдастыру қажет.

Айдары: Найзағай 16.06.2021 68

Қатысты мазмұн