Cуицидтің алдын алуға болады

none

Мамандардың айтуынша, суицидтің алдын алуға болады. Жақындарыңа, достарыңа мұқият қарау – адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі. Адамның өзіне қол салуға дайын екенін алдын ала анықтау оңай. Ол үшін тек күйзеліске түскен адамның сөздерін тыңдау, қимыл-әрекеттеріне назар аудару жеткілікті. Сондықтан жақындары адамдардың жанашырлығы ауадай қажет. Бұл туралы Талдықорған қаласында өткен Алматы облысының психологтарына арналған оқыту семинарында айтылды.

Осы уақытқа дейін көп айтылып, бірақ шешімі табылмай келген өте шетін мәселелердің бірі – жастар арасында өзіне-өзі қол салушылықтың кең таралуы. Мамандардың айтуынша, 9 жастан бастап суицидке бейім жастардың 80 пайызы өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайтын көрінеді. Яғни, мектеп қабырғасы мен колледждер – ең қауіпті аймақ. Мемлекет те дерттің емі табылған соң, енді сөзден іске көше бастағандай. Жастар мен жөсөспірімдердің арасында мектептер мен колледждерде психодиагностикалық жұмыстар жүргізіле бастады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Бізбен бірге» қоғамдық қоры семинарды ұйымдастыруға мұрындық болды.

Семинар мақсаты – Алматы облысының психологтарына арналған жастар арасында суицидтің алдын-алу. Яғни, мамандардың біліктілігін арттырып, суицидке бейімді жастарды анықтай алу, диагностика мен сапалы психологиялық көмек көрсете білу дағдыларын дамыту.

«Жастар арасындағы суицидті екітүрлі әдістемемен анықталады. Бұлар – диагностикалық және бақылау. Бақылау әдістемесін педогогтар, ата-аналар және жастардың өздері жүргізе алады. Диагностикалық әдістемені мектеп психологтары жүргізеді», – дейді практик психолог Аида Тұрғазы.

Бұл дерттің жиі кезетін себептері – стресске төзімді болмауы, дизадоптация, қысым көруі, ұзақ уақыт депрессияда жүруі. «Айналасындағы адамдар бір-біріне мұқият қарауы керек. Суицидтің белгілері анық байқалады. Қарым-қатынастан қаша бастайды. Ішкі ойын ешкім түсінбейді деген сөздерді көп айтып жүреді. Негативті эмоциялары басым болып кетеді. Ол адам осылай дабыл қаға бастайды», – дейді маман.

Оның айналасындағы адамдар адамды тыңдау, сөздеріне назар аудару арқылы оңай анықталады екен. Мәселен, мектеп психологтарынан гөрі, айналасындағы адамдардың, жақындарының суицидке бейім жастарды анықтау ықтималдылығы жоғары. «Күдігіңіз болса, ол адаммен сөйлесіп, маманға баруға көндіру арқылы ғана көмектесе аламыз», – дейді психолог.

Психологияда алдын алудың, емдеудің әртүрлі тәсілдері бар. Психолог маманның жылдық жоспарында қамтылады. Демек, суицидтің алдын алуға, өмірден баз кешпек болған жастарды құтқаруға болады.

Марғұлан Мәдиұлы

Талдықорған қаласы

Айдары: Текемет 11.12.2020 65

Қатысты мазмұн