Цой Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді

none

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтінін мәлімдеді.

Үкімет отырысы кезінде министр эпиджағдайдың тұрақтануына байланысты, сондай-ақ вакцинация деңгейі 70 пайызға жеткендіктен, ВАК шешімі бойынша 20 қазаннан бастап келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін хабарлады:

келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен

мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі;

түнгі клубтардың қызметі тек "жасыл" мәртебесі бар тұлғаларға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:

"жасыл" аймақта 100 адамнан артық емес;

"сары" аймақта 70 адамнан артық емес;

"қызыл" аймақта 50 адамнан артық емес.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақытын ұзарту:

"жасыл" аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 05:00-ге дейін;

"сары" аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары: 03:00-ге дейін.

Айдары: Найзағай 19.10.2021 82

Қатысты мазмұн