БҰҰ: Әлемде босқындар саны 100 миллионнан асты

none

Адам құқығы мен зорлық-зомбылық салдарынан шетелге босып кеткендер мен өз елінің ішінде басқа аймақа көшуге мәжбүр болғандар тарихта алғаш рет 100 миллион аамнан асқан. Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары дүйсенбі күні Женевада мәлімдеді.

Сарапшылар босқындардың күрт көбеюіне Украинадағы соғыс әсер етті деп санайды. БҰҰ есебіне қарағанда, Ресей Украинаға басып кіргелі 14 миллионнан астам украин босып кеткен. Олардың алты миллионы шетелге, сегіз миллионнан астамы үйін тастап, өз елінің басқа өңіріне ауа көшкен.

Ішкі көші-қон мониторингі орталығының есебінде (IDMC) қазіргі босқындар Жер бетіндегі халықтың бір пайызынан асатыны айтылған. Бұл есепке өз елінен бас сауғалап қашып, шетелден саяси баспана сұраушылар да, ел ішіндегі конфликтіге байланысты өзге өңірге көшуге мәжбүр болған 53,2 миллион адам да кіреді.

Айдары: Найзағай 23.05.2022 55

Қатысты мазмұн