«Бутя» неге көткеншектей береді?

none

Қаңтар оқиғасынан кейін саясат алаңына қайтып оралған Болат Әбілевтің қазіргі әрекеті «біртүрлі». «Біртүрлі» болғанда да күмәнді.

Баяғыда Гүлжан Ерғалиева басқаратын «Свобода слова» атты оппозицияның жалғыз газетін билікке сатуда Әбілев екі арадағы делдал болды» деп жұрт шулаған. Одан кейін ол бизнеске кетіп қалып, былтыр қайта оралды. «Қаңтар мәселесін көтерем» деді, «Елге қайтару» деген қор құрдым» деді, «Біздің таңдау» деген партия құрам» деді, бірақ нәтиже жоқ, бәрі құрдымға кетіп жатыр. 30 қаңтарда өзінің ютуб арнасында шыққан видеода журналист Вадим Борейко Болат Әбілевтің әркіл-тәркіл қылығын бетіне басып отыр.

Борейко Әбілевтің неге партия тіркетуге құлшынып кіріспейтінін, президент сайлауы додасына неге түспегенін, енді Мәжіліс сайлауына қатыспай көткеншектеп отырғанын түсінбей дал. Мұнда түсінбейтін не нәрсе бар?! Бәрі түсінікті ғой.

Гәп мынада: Әбілев – тәуелсіз саясаткер емес, ол бұрын да сондай еді, қазір де сондай.

Әбілев Нығматулиндер кланына байланып қалған адам. Талай жыл биліктің ұшар басында болған Нығматулин әлі де Ақорданың қас-қабағына қарап әрекет етеді. Кейде оқыс қылық жасап, саяси шантажға барғысы келеді, кейде келісімге келіп жуасып қалады да көткеншектеп кетеді.

Міне, кілем астында интрига жасайтын Нығматулиндердің ашық саясаттағы бейнесі – Әбілев. Сондықтан Нығматулиндер Әбілевке «партия тіркетуді тоқтат» десе, тоқтатады, «сайлауға қатыспайсың» десе, қатыспайды... Міне оның көткеншектей беруінің себебі - осы.

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Түтін 30.01.2023 82

Қатысты мазмұн