Бұрынғы вице-министр коронавирустан айықты

none

Коронавирус жұқтырған Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Камалжан Надыров стационардан шығарылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Камалжан Талғатұлы стационардан шығарылды, медициналық бақылауда, жағдайы қанағаттанарлық. Сараптама теріс нәтиже көрсетті", - деді ол.

Еске салайық, 22 сәуірде Надыровтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

"Өздеріңіз білетіндей, мен қазір елордадағы стационарлардың бірінде ем алып жатырмын. Бұл жаңалық осындай шу туғызады еп ойламаппын да. Қолдау көрсетіп, көп хабарлама жазғандарыңызды көрдім. Бұл, әрине, маған күш береді, сіздерге рақмет! Қуанышқа орай, ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Дәрігерлерімз бар күшін салып, кәсіби тұрғыда жұмыс істеп жатыр. Оларға рақмет, бас иемін, олар нағыз батырлар!", - деген еді сол кезде бұрынғы вице- министр.

Айдары: Найзағай 19.05.2020 27

Қатысты мазмұн