Боқаевтың саясаты жеке басараздыққа құрылған ба?

none

Тамыздың басында псевдооппозиционер, бұрынғы шенеунік Санжар Боқаев өзінің Фейбуктегі парақшасында пост жазыпты. Онда бұрынғы шенеунік Бауыржан Байбекке былай деп мысқылдап шүйлігіпті:

«Бір аптадан бері Байбектің артқы жағынан түсірілген суретіне қарап отырмын (Кипрдің бір жерінде түсірілген деген хабар бар). Егер фотоға мұқият қарасаңыз, жағдайы қаншалықты қиын екенін болжау оңай. Ол мүлдем киімсіз қалыпты. Тіпті аяқ киімі де жоқ, жалаң аяқ жүр. Жақын жерде қамыстан салынған әлдебір барак немесе шалаш тұр. Соған қарағанда, ол адам төзгісіз жағдайда тұрып жатқан сияқты. Ал бұл жерде ҚР-да қолында бәрі болды, жарқын перспективасы мен президенттік амбициясы болды. Ол ешкімнің көмегінсіз өзі жоғарылады. Өте талантты. Бұл жігіт бөтен елде құриды деп қорқамын. Оны қайтару керек. Билетке ақшасы болмауы себебімен онда қалып қойған болса, әуе билетіне ақша қосуға дайынмын. Мұндай ізгі ниет жалғыз менде ғана емес деп ойлаймын, антикор жігіттері де авиа билетке ақша қосуға дайын екеніне сенімдімін. Оларда Байбекке көп сұрақ жиналса керек. Айтпақшы, менің де оған қоятын өте маңызды бір сұрағым бар. Ол біледі...

P.s. Мені оған күліп немесе оны мазақ етіп жатыр деп ойламаңыздар. Олардың барлығы жер-жерде жазасыз жүргенін көріп тұрмын. Менде оларды еске салуға себеп пен негіз бар».

text

text

Оған беті ұялған оқырман Assel Temirova Makken:

«...Егер дұрыс түсінсем, сіздің үлкен саясатқа баруға әлеуетіңіз бар, ендеше неге адамның жеке басына тиісіп, келемежге уақытыңызды жұмсайсыз, бір апта бойы оппоненттеріңіздің фотосын қарайсыз... тура балабақшадағыдай, ал шынымды айтсам, біздегі саяси ортада адамдарды келемеждеуге бейім адамдардың болғанын қаламаймын. Егер адамдар басқа адамдарды мазақ етуден рахат алса, ал Сіздің бұған рахаттанып отырғаныңыз анық, бұл мұндай адамдардың жалпы адамдарға дұшпандық танытатынының және жүрегінде тыныштық жоқ екенінің айқын белгісі. Оның үстіне, адамның жеке басына тиісіп, көпшілік алдында талқылау кәсібилікке жат нәрсе» - деп жазыпты.

text

Бірақ Санжар Боқаев алған бетінен қайтпай, «...бұл пост оған арналған. Оны оқитынын білемін. Оны күтіп отырғанымызды білсін. ол мені сонша қудалады. Өте лас әдістерді пайдаланды. Өмірде бәрі айналып келеді. Әр кез оны және ол сияқтыларды еске саламын. Уақыт өтіп жатыр. Олар бәрін келісіп алғандай жазасыз жүр. Заң бойынша жазалансын. Егер ол жазасын тартпаса, бұл жерде оған сұрағы бар жігіттердің бар екенін білсін» деп өршелене түсті.

Осылайша, Санжар Боқаев өзінің азамат және саясаткер ретіндегі деңгейінің қаншалықты төмен екенін көрсетті. Қазір бұрынғы билікке тас лақтырып, лағынет айту ең оңай және тиімді тәсіл екенін жақсы білетін ол кезінде өзінің де бұл жүйенің бір бөлігі болғанын ұмытып кетіпті. Бұрынғы Алматы әкімі Байбекке жеке бас араздығы, таза жеке психологиялық деңгейде жеккөрініші бар екенін аңдамай байқатты. Сонда оның күресінің мақсаты бұрынғы биліктен жеке басының кегін алудан аспайды екен.

Айдары: Түтін 15.08.2022 73

Қатысты мазмұн