БҚО-да фермерден қару-жарақ арсеналы тәркіленді

none

Батыс Қазақстан облысында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында граната, мылтық, қылыш және патрондар табылды. Қару шаруа қожалығында және оның басшысының үйінде сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.

Фермерден әзірге жауап алынбады. 55 жастағы ер адам қазір ауруханада COVID-19 және екіжақты пневмония диагнозымен жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, рұқсат етілген тінту кезінде шаруа қожалығы басшысының үйінен тіркелмеген қару-жарақ тәркіленді: Maveric мылтығы (винчестер), 12 калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматынан бар, үш қанжар, қол кісендері, діни кітаптар мен дәптер.

"Шаруа қожалығын тінту барысында бір жауынгерлік граната, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан оқтар, "Лось" маркалы ойық қару, қылыш пен ағаш шоқпар тәркіленді. Сондай-ақ, діни мазмұндағы алты кітап", - деді БҚО полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимов.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері фермер бұрын Ресей Федерациясының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп шыққанын анықтады. 2016 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін Қазақстанда ұрлық үшін сотталған.

Полиция өкілдері қазір БҚО Тасқала ауданында орналасқан ШҚ басшысына қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті

Айдары: Найзағай 17.06.2021 72

Қатысты мазмұн