Бишімбаевтың қорғаушысының судьяға қарсылық білдіруі қабылданбады

none

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатқан Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы өтініш бойынша шешім жариялады.

Бишімбаевтың қорғаушысының судьяға қарсылық білдіруі қабылданбады. Ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады Сот отырысының трансляциясы қайта жалғасты. Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы - оның туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы айтты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 11.04.2024 27

Қатысты мазмұн