Бишімбаев ісі: соттың келесі отырысы екі күннен соң өтеді

none

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Процесс ашық режимде өтті.

БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке кабинет ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Алдағы отырыстар да тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.

Еске салайық, бүгін, 27 наурызда таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби (10 негізгі және 2 қосалқы) таңдалды.

Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті. Қуандық Бишімбаев бүгін де кінәсін мойындамады.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 27.03.2024 27

Қатысты мазмұн