Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

none

Қазақстанда тағы 1809 адамның коронавирус тесті оң шықты, 7 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. Бір күнде 26 адам өлімі тіркелді: 19 адам – коронавирустан, 7 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматы қаласында – 545, Алматы облысында – 278, Нұр-Сұлтанда - 242 науқас тіркелген. Батыс Қазақстан облысында - 101, Атырау облысында – 64, Қарағанды облысында – 90, Ақтөбе облысында – 153, Павлодар облысында – 31, Ақмола облысында – 60, Шымкент қаласында – 30, Шығыс Қазақстан облысында – 23 , Маңғыстау облысында – 11, Жамбыл облысында – 28, Қостанай облысында – 34, Солтүстік Қазақстан облысында – 24, Қызылорда облысында – 39, Түркістан облысында 16 науқас анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері 256 837 адамның коронавирус тесті оң шықты. Содан бері 3129 адам қайтыс болған.

Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Алматы облысы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары "қызыл аймақта" тұр. Шымкент және Қарағанды облыстары – "сары аймақта", қалғандары "жасыл аймақта" тұр.

Елде 1 ақпаннан бастап жаппай вакциналау науқаны басталған. Соңғы мәлімет бойынша, 266 мың адамға вакцинаның кемінде бір дозасы салынған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 сәуір күнгі брифинг кезінде сәуір айында аймақтарға 2 млн вакцина жеткізіледі, сол арқылы халықтың 23,4 пайызын вакцинамен қамтамасыз етуге болады деп мәлімдеді. Үкімет вакциналау науқанын қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Айдары: Найзағай 06.04.2021 41

Қатысты мазмұн