Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болды

none

Қазақстанда тағы 1663 адамның коронавирус тесті оң шықты. 82 адамнан коронавирус пневмониясы внықталды. Бір күнде 21 адам өлімі тіркелген: 17 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. "Қызыл аймаққа" енген облыстар қатары көбейді.

30 наурызда ең көп науқас Алматы қаласында (526) тіркелген. Жалпы аймақтағы ахуал төмендегідей:

Алматы қаласында - 34083 (+526 жаңа науқас тіркелді)
Нұр-Сұлтан қаласында – 30594 (+356)
Шығыс Қазақстан облысында - 22846 (+24)
Павлодар облысында - 19110 (+20)
Атырау облысында - 18652 (+75)
Қарағанды облысында - 17656 (+93)
Ақмола облысында – 15322 (+38)
Батыс Қазақстан облысында – 15048 (+96)
Қостанай облысында - 13784 (+37)
Солтүстік Қазақстан облысында - 13047 (+21)
Алматы облысында - 13478 (+191)
Шымкент қаласында -6805 (+47)
Жамбыл облысында – 6397 (+24)
Ақтөбе облысында - 5236 (+82)
Түркістан облысында – 4485 (+7)
Маңғыстау облысында - 4409 (+13)
Қызылорда облысында - 4029 (+13).

2020 жылдың наурыз айынан бері 244 981 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 219 094 адам жазылған. Содан бері 3046 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Бірақ оған дейін қанша адамның коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққаны белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі оларды пневмонияның жалпы түрінен ажырату қиын болғанын айтқан.

Содан бері 50 525 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 48 036 адам жазылған. 688 адам қайтыс болған.

Қазір 24 642 адам коронавирустан емделіп жатыр. 353 науқастың жағдайы – ауыр, 76 пациенттің хәлі – өте ауыр, 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

30 наурызда Ақтөбе облысы да "қызыл аймаққа" енді. Енді онда бес облыс пен қала: Алматы қаласы, Нұр-Сұлтан, Атырау мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысы тұр.

Айдары: Найзағай 31.03.2021 43

Қатысты мазмұн