Бір күнде 2 мыңға жуық адамнан вирус анықталды

none

8 шілде күні Қазақстанда 1962 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. Вирус анықталған 1209 адамда ауру белгілері байқалмаған. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Инфекция жұқтырғандардың үштен бір бөлігі Атырау облысында тіркеліп отыр. Облыс кейінгі апталарда COVID-19 ауруына шалдыққандар бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Осыған дейін мұнайлы облыстағы кен орындарынан эпидемия ошағы анықталған болатын. Облыс вирусты жұқтырғандар бойынша 7 шілде күні Нұр-Cұлтан қаласынан озса, 8 шілде күні көш басында тұрған Алматыдан озды. Өңірде барлығы 6814 адамнан КВИ табылған. Алматыда – 6678 адам, Нұр-Cұлтанда 6177 адам.

Қазақстанда барлығы 53021 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

Атырау облысында - 6814 (+658 жаңадан қосылды), Алматы қаласында - 6678(+177), Нұр-Сұлтан қаласында -6177(+120), Қарағанды облысында - 5670 (+150), Шымкент қаласында - 3720(+61), Батыс Қазақстан облысында - 3600 (+91), Алматы облысында - 2831 (+81), Шығыс Қазақстан облысында - 2426 (+113), Түркістан облысында - 2079 (+28), Ақтөбе облысында - 1939 (+89), Жамбыл облысында - 1923 (+57), Маңғыстау облысында - 1742 (+70), Павлодар облысында - 1564 (+57), Ақмола облысында - 1547 (+35), Қызылорда облысында -1515 (+28), Солтүстік Қазақстан облысында - 1482 (+36), Қостанай облысында - 1314 (+111).

Өткен тәулікте COVID-19 ауруынан 988 адамның жазылып шыққаны тіркелген. Сонымен қатар кеше 3 маусым мен 8 шілде аралығында 17 221 мың адамның коронавирус ауруынан амбулаториялық емдеу арқылы жазылып шыққаны хабарланды. Бұл адамдар ауруханаға жатпай, үйінде жатып емделген.

COVID-19 ауруынан жазылғандардың жалпы саны – 35 137.

Айдары: Найзағай 09.07.2020 31

Қатысты мазмұн