Бейрутқа 36 ел көмек жібереді

none

36 елдің басшылары - Бейрутқа көмек көрсету туралы видеоконференцияның қатысушылары қаланы қалпына келтіру үшін 300 миллион долларға жуық ақша бөлуге келісті, - деп хабарлайды Reuters.

Конференцияны Франция президенті Эммануэль Макрон және БҰҰ көшбасшылары бірлесіп ұйымдастырды. Олар ақшаны " халыққа тікелей жеткізгісі" келгендіктен, қаржыны Ливан Үкіметіне емес, БҰҰ ұйымдары арқылы жөнелту туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы Бейрутқа аман-есен жетті, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бейрут халықаралық әуежайында жасақты Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі бригадалық генерал Аби Карам және Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани қарсы алды.

"Біз Ливанға көмек көрсетудегі Қазақстанның осы игі ісін бағалаймыз және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз", - деді Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани.

Айдары: Найзағай 10.08.2020 34

Қатысты мазмұн