Батыс Қазақстанда медбике жалған дипломмен жұмыс істеген

none

Батыс Қазақстан облысында жалған диплом пайдаланған медбике анықталды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Жаңақала аудандық ауруханасына 37 жастағы әйел медбике ретінде орналасқан.

Алайда оның медициналық білімі туралы дипломының жалған екендігі белгілі болды.

Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры 1984 жылғы әйелдің жалған дипломды пайдаланғаны туралы полицияға хабар берген.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне (жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жалған құжаттарды пайдаланған адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», деп хабарлады ведомстводан.

inform.kz

Айдары: Найзағай 24.11.2021 52

Қатысты мазмұн