Бас прокуратура Қызметінің бастығы мен Алматы облысының прокуроры тағайындалды

none

Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Сағиев Е.Ә. еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.


Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың а.ж. 1 тамыздағы бұйрығымен Адамов Берік Абызбайұлы Алматы облысының прокуроры болып тағайындалды.

Адамов Б.А. прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.

Әр жылдары Астана қаласының, Қарағанды облысының прокуратураларында және орталық аппаратта түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Айдары: Найзағай 02.08.2022 50

Қатысты мазмұн