Бас мүфти мешіт молдаларын «тақырға» отырғызды. Қалай?

none

Редакция қоржынына қызық дерек келіп түсті. ҚМДБ төрағасы, бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов басшылыққа келе салысымен жұмысын өзіне дейін өзгермей келе жатқан ҚМДБ жарғысын өзгертуден бастапты. Ол 2020 жылдың 7-ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс құрылтайын өткізіп, жұртқа білдірмей шұғыл түрде ұйым жарғысын өзгертіп жіберген. Жарғының өзгергенін құрылтайға қатысқан имамдар, молдалар, дінтанушылар білмей қалған. Себебі ережеге сәйкес, жарғыға енгізілген өзгерістер құрылтай барысында таныстырылып, талқыға салынуы керек. Одан кейін құрылтайға қатысушылар әр өзгеріске қолдайтынын немесе қарсы екенін білдіріп дауыс беруі тиіс еді. Құрылтайда мұндай процедура болған жоқ, делегаттар жарғыға өзгеріс еніп кеткенін кейін бір-ақ білген. «Бас мүфти бізді осылайша алдап соқты. Наурызбай Өтпеновтің жарғыға енгізілген өзгерістерді көпшілікке таныстырмай, жасырын өткізіп жіберуінің себебі бар. Ол - тойымсыз құлқынның құлы» дейді мүфтияттағы құпия дереккөз.

text

text

text

Бұрынғы жарғы бойынша, мешітке түскен қаржыдан мешіт шығынына кететін қаржы (коммуналдық төлемдері, еңбекақы тағы басқасы) алып тастағаннан қалған ақшаның 30 пайызға дейін бөлігін ҚМДБ-ға аударып тұру міндеттелген. Осы ережені Наурызбай Өтпенов «Мешітке түскен ай сайынғы қаржылай түсімнің 30 пайызға дейінгі мөлшерін ҚМДБ-ға уақытылы аударылып отыруын қамтамасыз ету керек» деп өзгертіпті. Яғни, мешіттің шығындарынан кейін қалған ақшаны місе тұтпайды. Мешіт жалпы түсімнің 30 пайызын мүфтиятқа беріп, одан қалғанына күнкөріске жарату керек. «Осы өзгеріс мешіттерді тұралатып, молдаларды қайыр сұратып жіберді» дейді дереккөз.

Сонедай-ақ, Наурызбай Өтпенов өзінің өкілетін күшейту мақсатында жарғының 13.14-тармағына ауылдың имамынан бастап қала, облыс имамдарына дейін өзі тікелей тағайындайтын құзіретті енгізіп қойған. Бұрын бас мүфти облыс имамдары ұсынған үміткерлерді облыс имамдарымен ақылдаса отырып шешсе, енді ешкімнен кеңес сұрамай өзі-ақ тағайындай салатын күшке ие болған.

Жарғыдағы бұл өзгерісті Наурызбай Өтпенов құрылтайдың талқысына салмастан, мешіт қауымынан жасырын түрде өткізіп жіберген. Егер ол осы айтылғанды «жала» десе, онда құрылтайда өзгерістерге дауыс берген имамдардың бейнежазбасын көпшілікке дәлел ретінде ұсынсын. Бірақ, бас мүфтиі олай істемейді, өйткені оның қолында ондай айғақ жоқ. «Ұрының арты қуыс» деген, бас мүфтидің өзіне қаратып айтылған сын тіке жауап бере алмай қашқалақтап жүруінің себебі – осында.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 08.10.2021 2063

Қатысты мазмұн