Бас мүфти әулие ме? Ол неге салық төлемейді?

none

Бас мүфти Наурызбай Өтпенов мүфтияттың ішкі құпия құжаттары баспасөз бетінде жарияланып кете берген соң шығыс және кіріс хаттарды жазуды тоқтату жөнінде нұсқау берді. Бұдан былай барлық бұйрық пен нұсқау телефон арқылы ауызша берілетін болды. Тіпті, молдаларға ватсап хабарлама жіберуге тиым салынды. ҚМДБ-ның аса құпия жұмыс режиміне өткенін мүфтият маңында жүрген дереккөз хабарлады.

Электронды пошта, факс және ватсап секілді алыс-алыс жерлерге жылдам хабар жіберетін құралдардан бас тартқан мүфтият ескі хаттарды жаңа тапсырма үшін қайтадан іске жаратып жатыр. Сондай бір құйтырқы әдісті Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің жетекшілігімен былтыр көтемде жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сатуға қатысты мәселеге қолданды. Бұл кітаптың мақсаты қазақ қоғамына көрші елдің – Өзбекстанның діни-саяси идеологиясын тықпалау қаупі екені жөніндегі мәселені басқа мақаланың өзегіне қалдырамыз. Мұндағы айтылатын проблема - Қазақстанның салық саясатымен байланысты.

text

Былтыр «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің нұсқауымен бас имамдарды мәжбүрлей отырып мешіт қызметкерлеріне сатылған. Бір кітап 2500 теңгеге бағаланған.Ол кезде мүфтияттың 19 жазирасын қадағалап отырған бас имамдар 12 млн теңгеге жуық қаржы жинап берген еді. Биыл ҚМДБ-ның аппарат басшысы Г.Мажиевтің былтыр жазған хаты негізінде бас имамдардан дәл сондай көлемде кітап сатуды, дәл сондай көлемде ақша жинап беруді талап етіп жатыр. Аппарат басшысына жаңадан хат жазып, жаңа нұсқаулық жіберуге тиым салынған. Сондықтан ол биылғы тапсырманы телефон арқылы беріп, былтырғы тапсырманы қайталатып орындатпақшы.

text

text

Кітаптың өзіндік құнын – баспа шығынын анықтау қиын. Себебі, кітап Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖШС «Мүфтият баспасы» деп аталатын баспада басылған. Кітап басуға кеткен шығын ҚМДБ балапандай балалатып тастаған қорларға жинақталған қаржы есебінен өтелді. Басқаша айтсақ, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын басуға автордың қалтасынан көктиын қаржы шыққан жоқ. Есесіне, қарапайым молдалар мешіт қызметкерлеріне сатылған кітаптың ақшасын қалтасына салып жатыр. Бас мүфтидің бұл «бизнесі» қарапайым дін қызметкерлерінің онсыз да қиын жағдайын тұралатып жіберді.

Бас мүфти «бизнесінің» тағы бір сорақылығы бар. Ол кітап сатып, миллиондағын теңгенің қалтасына басып жатса да, сол пайдадан бір тиын салық төлемейді. «Ихсан – рухани тәрбие негізін» кітап дүкендері арқылы сатпай, өзіне бағынышты молдаларға мәжбүрлеп өткізіп жатыр. Бұл да салық төлеуден қашудың бір әдісі. Бұған салық комитеті, заңдылықты қадағалау органы көз жұмып қарап отыр. Олар Бас мүфтиді құқығы мен міндеті басқалармен теңестірілген азамат деп емес, бетіне қарап сөз айтуға болмайтын «Елбасы» статусына ұқсақ «Дінбасы – әулие» санайтын секілді.

Тәуелсіз Қазақстан үкіметінің екінші басшысы болған Әкежан Қажыгелдиннің амбициясы пісіп, президент тағына ұмтылған 90-шы жылдардың соңында құқық қорғау органдары оған қарсы қылмысты іс қозғаған. Бұл істің мәнісі былай еді: Ә.Қажыгелдин шетелдегі баспадан 10 мың данамен кітабын шығарған. «Сол кітапты сатудан түскен пайдадан салық төлемедің» деп, Қажыгелдинге қарсы іс қозғалып, соны негізге алған құқық қорғау оргнадыры оны сырттай соттаған. Ал Бас мүфтиге, ол басқарып отырған мүфтияттың заңсыз ісіне қатысты ешқандай мемлекеттік орган ләм-мим демейді. Мұны қалай түсінеміз? Қазақстанда заң бар ма? Әлде ҚМДБ мемлекет ішіндегі мемлекет болып кеткен бе?

Ораз Әлімбеков

Айдары: Текемет 10.02.2022 465

Қатысты мазмұн