БайденТайваньді қорғау үшін әскери күш қолдануға дайын екенін мәлімдеді

none

Президент Джо Байден, егер Қытай басып кірер болса, АҚШ-тың Тайваньді әскери жолмен қорғауға дайын екенін растады.

"Бұл мойнымызға алған міндетіміз" деді Байден Токиода өткізген баспасөз конференциясында. АҚШ президенті мұнда жексенбі күні Азия елдеріне сапары барысында келген. Бұл ақпаратты Associated Press таратты.

"Қытайдың Тайваньға күш қолдану жөніндегі кез-келген талпынысы жөнсіз болады, өйткені ол әрекет Украинадағы жағдай сияқты тұтас аймақтың тыныштығын бұзады" деп мәлімдеді Байден. АҚШ президентінің сөзінше, Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін Тайваньді қорғаудың өзектілігі арта түскен.

Байден сөзінен кейін Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь "Тайвань – Қытайдың ажырамас бөлігі" деп мәлімдеді. "Тайвань мәселесі — тек қана Қытайдың ішкі ісі", — деген Вэньбинь, бұл мәселе бойынша келісімпаздық болмайтынын айта кетті.

Бұрын АҚШ Тайваньға қауіпсіздік кепілінін беруден тартынып келген. 1979 жылдан бері АҚШ-тың Тайваньмен байланысын реттеп келе жатқан "Тайваньмен қатынас туралы" заң АҚШ-тан Қытай басып кірген жағдайда Тайваньді қарумен қорғауды талап етпейді. Бұл құжат АҚШ-ты, егер Қытай Тайвань статусын өз бетімен, біржақты өзгерткісі келсе, Тайваньнің өзін-өзі қорғауын қамтамасыз етуді ғана міндеттейді.

Айдары: Найзағай 23.05.2022 57

Қатысты мазмұн