Ауғанстанда жарылыс болып, 12 адам қаза тапты

none

Гор провинциясына қарасты Фирозкох қаласындағы полиция бөлімінде жарылыс болды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды.

Осыған дейін Tolo News телеарнасы Ауғанстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, жарылыстан 10 адам қаза тауып, 20-дан аса адам жарақат алғанын хабарлаған еді.

1TV телеарнасына жергілікті полиция өкілі мина қойылған көлік жарылғанын айтқан.

Айдары: Найзағай 18.10.2020 14

Қатысты мазмұн