Атырауда Қытайдың екі азаматы пара беру үстінде ұсталды (видео)

none

2019 жылғы 19 қарашада ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚХР-дың екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстап, тергеу изоляторына қамады.

"Пара Атырау қаласында еңбек әрекетін заңсыз жүзеге асырған шетелдікке қатысты әкімшілік істі сотта оң қарау үшін арналған. Сонымен қатар, пара беруші ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы ақшалай сыйақы ұсынған", - хабарлады ҰҚК-ның баспасөз қызметі.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, түсінік жазып берді. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Айдары: Найзағай 28.11.2019 6

Қатысты мазмұн