Атырауда 20 күн бұрын жоғалған ер адам өлі табылды

none

Атырауда 26 наурызда кешке Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Ер адамның туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулауға арналған торға оралып қалған. Қазір ол сараптамаға берілді.

6 наурызда Оразғалиев үйден жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осы уақыт аралығында оны іздеуге құтқарушылар, кинологтар, еріктілер жұмылған. Жоғалған адам ЖШС-да күзетші болып жұмыс істеген.

Айдары: Найзағай 28.03.2021 51

Қатысты мазмұн