Атырау жамағаты жылап жатыр

none

Атырау облысындағы мұсылман жамағаты бір-екі жылдан бері өкіл имам Алтынбек Ұтысқанның үстінен Бас мүфти Наурызбай Өтпеновке арызданып жүр. Арызқойлардың айтуынша, олардың жан-айқайы Бас мүфтиге жетпейді, оны аймақтан келетін арыз-шағымнан оқшаулап тастаған біреулер бар. «Мүмкін, арыз-шағымды қарайтын наиб мүфтилер шығар. Бірақ олар да «арызды тексеріп жатырмыз» деп бір жауабын бермейді» дейді арызқойлар. Осы жағдайға байланысты Атырау жамағатының жан айқайын Бас мүфтиге жеткізуді өтінді.

Менің қолымда не бар?! Ішкі дау-дамайды мүфтият өзі реттеуі керек қой. Мен өз кезегімде Арыздың толық мәтінін жариялаудан басқа қаракет жасай алмаймын.

Өтініші бойынша, төменде арызды жариялап отырмын.

«Қ М Д Б Төрағасы және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына!

Арыз!

Біз Атырау облысы бір топ жамағаттары атынан осы хатымызды сізге амал жоқтықтан еріксіз түрде жолдап отырмыз. Сіздің елімізге қосып жатқан үлесіңізді ұшан-теңіз,сол қажырлы еңбегіңізді жоғары деңгейде бағалаймыз және асыл дініміздің асқақтауына өзіңіз бастап көптеген тың өзгерістер енгіздіңіз.

Атап айтсақ сіз келгелі Отанымыз Қазақстанда біраз мешіттер мен медреселер ашылды. Ислам дінінің құндылықтары күннен күнге артып келеді.

Тұрмысы нашар біраз отбасыларға ҚМДБ тарапынан үй-пәтер берілді.

2020-2021 жылдар аралығында,яғни пандемияда сіздің қолдауыңызбен қаншама адамға қайырымдылық көмек шаралар көрсетілді.

Осының өзі сіздің елге деген жанашырылығыңыз бен абыройыңыздың мәртебесі.

Ендігі кезекте сізге Атырау мұсылмандарының атынан өзекті өтінішіміз болып тұр.

Атырау облысының өкіл имамы Алтынбек Ұтысхан дін саласында өте көп қателіктер жіберуде.

Бұл жәйттан өзіңіз де хабардар шығарсыз. Имамдар мен мешіт қызметкерлеріне дін істер бөлімі және намазхан жамағаттардың көңілі толмайды.

Халықпен,соның ішінде жат ағымдармен тиімді профилактикалық жұмыс жүргізе білмейді. Кейбір имамдар мен діни қызметкерлердің аузы толы боғауыз.

Анайы сөздер мен көргенсіз әңгіме айтқандары өз алдына, өтірік пен порнографиялық видеоклипті бір-біріне көрсетіп,темекі және насыбай атады.

Алтынбек Ұтысханұлы бұрын мешітерде имам қызметін атқармаған,яғни дін саласында еш тәжірибесі жоқ екенін көріп тұрмыз.

Қазақтың мақалына салсақ,ауырдың үсті және жеңілдің астымен жүрген адам.

Өкіл имамның басқару қабылеті өте төмен, жат ағымның мүшелері мешітте толып кеткен. Мысалы, Атырауда кейбір имамдар 10-25 жылдан бері мешітті өздерінің жеке меншік ғимараты етіп алған. Мешітке келуші жамағаттан қанша арыз түсседе ешқандай өзгеріс жоқ.

Сол себептен әлеуметік желіге шығармай әуелі сіздің алдыңыздан өтейін деп едік.

Алла-Тағала сізге зор денсаулық пен жанұяңызға берекет берсін.

Құрметпен Атырау облысының жамағаты»

Oraz Alimbekov,

Faceboоk парақшасынан алынды

Айдары: Түтін 07.01.2023 96

Қатысты мазмұн