
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.
Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сондай-ақ, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.
"5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ, бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.
"Бұрынғы қорғаныс министрі (Мұрат Бектанов - еск.), өздеріңіз білетіндей, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп түйіндеді Берік Асылов.
Дереккөз: Tengrinews.kz