Алматының білім беру орталығында бір жарым жасар қыз соққы жеген

none

Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.

"Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.

"Аталған факт ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері

Айдары: Найзағай 17.04.2021 73

Қатысты мазмұн