Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылды

none

Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылды, - деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын", - деп хабарлады қала әкімі.

Сағынтаев балалардың мұзы жұқа су айдынында қайтыс болғанын айтты.

"Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды", - деді ол.

Айдары: Найзағай 13.02.2020 19

Қатысты мазмұн