Алматыда жартылай марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

none

21 сәуірде спортсүйер қауым үшін Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл жетінші рет рет өтетін іс-шарада қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтеді.

Алматы әкімдігі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 21 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатынын мәлім етті.

Жарыс өтетін күні қаланың мына жолдары жабылады:

Жарыс Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:00-де басталады. Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жол учаскесіндегі қозғалыс 21 сәуір сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 6:45-тен 09:10-ға дейін жабылады. Оңтүстік жағындағы қозғалысқа шектеу жоқ.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 7:10-нан 08: 30-ға дейін толығымен жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 8:10-нан 10:40-қа дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 7:20-дан 09:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.

Саин көшесінің шығыс жағымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08: 00-ден 09:40-қа дейін жабылады. Батыс жағында көлік қозғалысына рұқсат.

Дереккөз: inform.kz

Айдары: Найзағай 16.04.2024 24

Қатысты мазмұн