Алматыда наразы топ әкімдікке басып кірді. Әкімдік, прокуратура, "Нұр Отан" ғимаратын өрт шалды

none

Алматыда наразылар қала әкімдігіне басып кірді. Әкімдіктің есік-терезелері сындырылды. Республика алаына алаңға бірнеше мың адам өтіп кетті.

Жаңа алаңға жақын кеңселерде істейтіндер оқ атылғанын естіген. Күштік құрылымдар топқа шулы гранаталар лақтырған. Әкімдікте қызметкерлер бар-жоғы белгісіз.

Бұған дейін бірнеше наразы топтың қала орталығына қарай жылжып бара жатқаны хабарланған еді. Алайда әкімдікке нақты қай топтың кіргені белгісіз.

Әкімдіктің орталық бөлігі мен алдыңғы жағын өрт шалды. Әкімдіктің жоғарғы жағында орналасқан прокуратура ғимыратынан да өрт шықты.

Бұған дейін Алматыда "Сайран" автовокзалына жақын аумақтағы "Нұр Отан" ғимараты өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер бармады. Көшеде полиция да байқалмайды.

Өрттің қашан басталғаны белгісіз. 5 қаңтарда Төле би көшесінің бойымен жүздеген адам орталыққа қарай жылжыған еді.

Кейбір куәгерлердің айтуынша, "Нұр Отан" ғимаратында өрт наразы топ сондағы көше бойымен жүріп өткенге дейін басталған.

Айдары: Найзағай 05.01.2022 70

Қатысты мазмұн