Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соқты, екі полицей қаза тапты

none

Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай үшып кеткен. Салонда екі полицей болған.

Өкінішке қарай, екі полицейдің де қаза тапты.

Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.

"Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы дүниеге келген, Алматы тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеген. Үйленген, бір айлық қызы артында қалды. Қалалық полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Алматыдағы блокбекетте болған жол апатынан тағы бір полиция қызметкері зардап шекті.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.

"Бұл аға жедел уәкіл, №4 блокбекеттің түнгі ауысымы құрамында қызмет атқарады. Ол жерде екі айдан астам қызмет етіп келеді. Апат нұсқаларының бірі бойынша, Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып кетіп, қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін блокбекетке, полиция көлімен соқтығысқан. Тергеу және экспретиза кезінде оқиға мән-жайының хронологиясын біздің қызметкерлер белгілейді", - деді ДП өкілі.

"Қазіргі таңда ол №7 Қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр", - деп қосты баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынды. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айдары: Найзағай 25.05.2020 86

Қатысты мазмұн