Алматыда аурухана қызметкері коронавирустан қайтыс болды

none

Алматыда ОҚКА қызметкері коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық басқармасы.

"Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында науқас А. қайтыс болды (ОҚКА қызметкері, лифтші болып жұмыс істеген). 16 сәуірде SARS CoV-2 анықталып, инфекциялық стационарға ауыстырылған.

Коронавирус COVID-2019 инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес реанимация және қарқынды терапия бөлімінде ем қалдады. Алайда жүргізілген қарқынды емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері артты.

Қазіргі уақытта комиссия өлім-жітімді зерттеу жөніндегі жұмыс жүргізіп жатыр, оның нәтижесінде, өлімнің негізгі себептері бойынша қосымша ақпарат беріледі", - делінген хабарламада.

Егер комиссия "науқастың өліміне коронавирус емес, басқа ауру себеп болғанын анықтаса", онда бұл адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар статистикасына енгізілмейді.

Алматы қаласы (1709) коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада алда тұр. Мамырдың 10-ы күнгі дерек бойынша, қалада 607 медициналық қызметкерге коронавирус жұққан. 200-ден астамы - орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері.

Айдары: Найзағай 16.05.2020 33

Қатысты мазмұн