Алматыда әжейді қағып, аулаға түсіріп кеткен жүргізуші ұсталды

none

Алматыда полицейлер аулада қарт әйелді қағып, қашып кеткен жүргізушіні тапты.

"Алматы ПД ЖПҚ іздестіру бөлімінің қызметкерлері жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен, сондай-ақ ЖКО орнынан кетіп қалған жүргізушіні тапты. Ол жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылады. Бұл факт оқиға болған күні, 16 қарашада тіркелді", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция мәліметінше, жол апаты сағат 17.00-18.00 аралығында Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Әжейдің туыстарының айтуынша, дәрігерлер жәбірленушінің басы көгергенін, аяғы, жамбасы және қабырғалары сынғанын тіркеген. Жүргізуші әжейді қағып, көлігіне отырғызып, кейін аулалардың бірінен түсіріп кеткен, деп жазады Tengrinews.

Айдары: Найзағай 19.11.2021 113

Қатысты мазмұн