Алматыда әкімдік қызметкері парамен ұсталды (видео)

none

Алматыда әкімдік қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.

"Алматы қалалық Жемқорлыққ қарсы қызмет өкілдері сәулет-құрылыс бақылау басқармасын лицензиялау бөлімінің бас маманы жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол лауазымды тұлға бола тұрып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия беруі үшін кәсіпкерден 2 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, күдіктіні қамауға алуға қатысты нақты шешімді сот қарайды.

Айдары: Найзағай 29.11.2019 2

Қатысты мазмұн