Алматыда 13 мыңнан аса адам үйдегі карантинде жатыр

none

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1848 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

"Бүгінде вирус жұқтырған науқастардың жай-күйі 2-уінде – аса ауыр, 22 адамда – ауыр, 296 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. Мегаполисте коронавирустан айыққандар саны - 910 адам, тағы 50 науқас емдеуден шығарылды. Қаланың жұқпалы аурулар стационарларында 929 пациент ем алуда, оның ішінде 40 бала", - деді Әбілдаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, провизорлық госпитальдарда 251 адам емделуде, оның ішінде 6-уы бала, карантиндік оқшаулауда 260 адам және үй карантинінде 13087 алматылық жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 6440-қа жетті, 3256 адам сауығып шықты, 34 адам көз жұмды.

Айдары: Найзағай 18.05.2020 45

Қатысты мазмұн