Алматы тауында бәйшешек гүлдеді

none

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде гүл суреттерін бөлісе бастады. Алғашқы бәйшешектерді Іле Алатауының төменгі жоталарынан көруге болады.

Алматы маңындағы алғашқы бәйшешектің суреті Аlmatizmy парақшасында жарияланды.

"Әр қалада немесе аймақта бәйшешекті басқаша атайтынын байқадыңыз ба? Ресейде - галантус, Қазақстанның солтүстігінде - құндызшөп, ал бізде - Алатау запырангүлі. Барлығы қисынды: олар бірінші болып қар астынан шығады.

Алатау запырангүлі Қызыл кітапқа енген. Бірақ, өкінішке қарай, олар көп мөлшерде жойылып жатыр. Бұл гүлдерді жұлуға болмайды. Қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны үшін үлкен айыппұл салынады, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген", - деп жазады Almatizmy авторлары.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Алатау запырангүлінің ашылуын Іле Алатау жотасының төменгі белдеуінен көруге болатынын айтты.

"Солтүстік Тянь-Шань жоталарында, Іле Алатауын қоса алғанда бәйшешек әдетте ақпанның соңында, 20-сына қарай гүлдей бастайды. Биыл олар сәл ертерек гүлдеп жатыр, себебі қазір осы кезең үшін ауа райы тым жылы. Бірақ бұл нормадан ауытқыған құбылыс емес", - деді ол.

Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 15.02.2021 59

Қатысты мазмұн