Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

none

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-24 қыркүйек аралығында Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу шарасы өткізіледі. Бұл шара жол апаттарының алдын алу және олардың санын азайтуға бағытталған.

"Профилактика жұмыстарын жандандыру және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апатын азайту күшейтіледі. Осы уақытта жедел алдын алу іс-шараларын өткізу үшін жеке құрам күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Сондай-ақ, "Қауіпсіз жол" акциясы аясында жолаушыларды және жүктерді тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқарма басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.

Сонымен қатар, ол жеке құрамның басты міндеті жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу, жол қозғалысы ережесінің талаптарын елемейтін жүргізушілерді анықтау, өрескел ережебұзушылықтарды - мас күйінде автокөлікті басқару, жолдың қарсы бетіне шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесу, көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқаруды анықтауға баса мән берілетінін атап өтті.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Көбінесе жол апатына жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі болып жатады. Сондықтан мен жол қозғалысының барлық қатысушысына көшені қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен және тек бағдаршамның жасыл түсін жанған кезде өтуге кеңес беремін. Жүргізушілер өте мұқият болып, жол ережесін бұзбай, жылдамдықты сақтауы керек", - дейді Жандос Мұратәлиев.

Айдары: Найзағай 22.09.2020 25

Қатысты мазмұн