Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

none

Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты. Көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

Қайғылы оқиға 14 ақпанда автожолдың 342-шақырымында болды. Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүккөлігімен соқтығысқан.

"Жол апатынан жеті адам қаза болды: Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы. Қайтыс болғандардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу ПБ жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Алматы облысының полиция департаменті қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айдары: Найзағай 15.02.2021 22

Қатысты мазмұн