Алматы облысында "Үтік басып, азаптау" ісі бойынша 25 адам зардап шегуші деп танылды

none

Қаңтар оқиғасы кезінде Аллматы облысындағы тергеу кезінде ыстық үтікпен азапталғандар ісі бойынша 25 адам зардап шегуші ретінде танылды. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг кезінде бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев мәлімдеді.

"Шағым түсіргендердің барлығының азаптау тәсілдері туралы сипаттағандары ұқсас", - деді бас прокуратура өкілі.

Оның ақпаратына қарағанда, арнаулы прокурорлар азаптау ісіне полицияның бес қызметкерінің қатысы бар екенін анықтаған. Олардың үшеуі кінәсін мойындаған.

Ведомство хабарына қарағанда, неғұрлым көп резонанс тудырған сегіз іс бойынша арнаулы орган мен құқық қорғау органының 15 қызметкері күдікті ретінде танылған. Олардың тоғызы қамауға алынған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысындағы департаментінің екі қызметкерін тергеу аяқталған. Оларға "қамаудағыларды ұрып-соғып, кісі өліміне дейін жеткізді" деген айып тағылған.

Қазақстанда Қаңтар оқиғасынан кейін мыңдаған адам қамауға алынып, жүздеген адам терроризмге, жаппай тәртіпсіздікке, қару-жарақ ұрлығына, өзге де қылмыстарға қатысы бар деген айыппен тұтқындалған.

Айдары: Дүрбі 20.06.2022 39

Қатысты мазмұн