Алматы мен бірқатар өңірде жарық сөнді

none

Алматылықтар жарық сөнгенін айтты, - деп хабарлады Tengrinews.

Алматы тұрғындары электр энергиясын өшкені туралы шағым айта бастады. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады.

Алматы қаласында жарық жартылай өшіп қалды. Мысалы, "Қазақфильм", "Ақсай" шағынаудандарында және Жандосов көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысындағы үйлерде жарық өшпеген.

Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.

Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары да жарық өшкенін айтты.

Алматы әкімдігі өкілі жағдайдың себебін анықталып жатқанын айтты.

БАҚ мәліметінше, Қырғызстан мен Өзбекстан қалалары да электр қуатынсыз қалды.

АКИpress агенттігі мәліметінше, 25 қаңтарда түске таман Бішкекте электр қуаты үзілген.

Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (KEGOC) елдің оңтүстігінде электр қуатының жаппай сөніп қалу себебін айтты.

"Сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесі (Өзбекстан, Қырғызстан) авариялық теңгерімсіздікке байланысты "Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" электр энергиясының транзитіне 500 кВ қуат зақымы келді. Оның нәтижесінде Қазақстан транзитінде авариялық жағдай болды. Шектеу көлемі шамамен 1500 мегават", - делінген KEGOC АҚ хабарламасында.

Қазіргі уақытта жүйе операторы KEGOC АҚ апатты жою жолдарын қарастырып жатыр.

Айдары: Найзағай 25.01.2022 52

Қатысты мазмұн