Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

none

Ақын, әдебиет сыншысы, журналист Аманхан Әлімұлы 68 жасында қайтыс болды.

Аманхан Әлімұлы 1952 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қожатоғай ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетін (1980), М.Горький атындағы бүкілодақтық Әдебиет институтының жоғарғы курсын (1993) бітірген. "Қазақ әдебиеті", "Заң" газеттерінде қызмет істеген. 2012-2020 жылдар аралығында "Ақиқат" журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2020 жылдың қаңтарынан "Ақиқат" журналының шолушысы.

Ол қазақ әдеби сын жанрының дамуына үлес қосты. Қазақ журналистикасында әдеби, танымдық және саяси - әлеуметтік тақырыптар бойынша танылды.

«Кездесу», «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы.

Айдары: Найзағай 30.03.2020 37

Қатысты мазмұн