АҚШ-тың Ирактағы базасына тағы да шабуыл жасалды

none

Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің "Балад" базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, - деп хабарлайды REUTERS.

Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбіде базаға "Катюша" қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алған.

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Мұндағы АҚШ әскерлерінің басым бөлігі Иран ракеталары 8 қаңтарда жасаған алғашқы шабуылдан кейін басқа базаға ауыстырылған. Базада АҚШ-тың 15 әскери нұсқаушысы ғана қалған. Олар Ирак сарбаздарын әскери өнерге үйретумен шұғылданады.

Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз.

Бұған дейін, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Құдс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің өліміне жауап деп түсіндірген.

Айдары: Найзағай 13.01.2020 7

Қатысты мазмұн