Айзат Молдағасымова ғылыми орталық жетекшісі қызметінен босатылды

none

Алматы қаласының бұрынғы бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

"3 маусымда Айзат Балтағұлқызы Молдағасымова қойылған міндеттерді тиімді атқару мақсатында Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметіне тағайындалған. Алайда 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында ол уақытша еңбекке жарамсыз екені жайлы құжат алған. Оның сынақ кезеңінен өте алмауына байланысты 14 қыркүйектен бастап еңбек келісім-шарты үзілді" деп агенттіктер ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының хабарламасынан үзінді келтіреді.

Айзат Молдағасымова аталған орталық директоры қызметіне дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері болған. Сәуір айында елде эпидемиологиялық ахуал нашарлап, Алматыда 200-ден астам медицина қызметкеріне коронавирус жұққаны расталған шақта Молдағасымова қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2019 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген еді. Оның орнына Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып Жандарбек Бекшин келген.

Молдағасымова 2017-2019 жылдары Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарған.

Айдары: Найзағай 22.09.2020 31

Қатысты мазмұн