Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады

none

Халықаралық қауымдастық қанша күш салғанымен, әр айда байырғы халық өкілдері сөйлейтін екі тіл жойылып жатыр. Олармен бірге білім, салт пен дәстүр қоса кетеді. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының Төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банде мәлімдеді.

2019 жыл БҰҰ ұйғарымымен Халықаралық байырғы тілдер жылы болып жарияланған. Бас ассамблея кеше осы жылдың қорытындысын жасады. Әлемде байырғы халықтардың 4 мыңға жуық тілі бар. Кейбірінде бірнеше адам ғана сөйлейді. Тиджане Мұхаммед-Банде алдағы онжылдықта көптеген тілдердің жойылып кетуі мүмкін екенін айтты.

«Әр екі аптада кем дегенде бір байырғы ұлттың тілі жоғалады. Айына – екі өлі тіл», - деді Тиджани Мұхаммед-Банде.

Төрағаның сөзіне сенсек, қазіргі күні байырғы халықтардың төрт мыңдай тілі ғана сақталған, оларда әлем халқының 6%-ы ғана сөйлейді. Мұхаммед-Банде барлық халықаралық ұйымдарды тілді сақтау шараларын күшейтуге шақырды, деп жазады inform.kz

Айдары: Текемет 18.12.2019 61

Қатысты мазмұн