Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

none

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды ScienceMag.

"Болашақта осы вирусты жұқтырғандарда ешқандай белгі болмауы мүмкін. Аурудың ешқандай белгілері байқалмай, адам өзін бірден нашар сезінеді", - дейді ғалым.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус өте тез таралып жатыр.

"Мысалы, СOVID-19 вирусы АҚШ-та бүкіл елде тарауы үшін 100-200 адам осы вирусты жұқтырса болғаны. Алдағы жылы әлем халқының 40 пайызынан 70 пайызына дейін вирус жұқтыруына жол беріп отырмыз, яғни 5,3 миллиард адамға дейін осы вирусты жұқтыруы мүмкін", - дейді Марк Липсич.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Айдары: Найзағай 26.02.2020 57

Қатысты мазмұн