Әбілязов пен Мамай неге ит пен мысықтай?

none

Мамай да «оппозиция», Әбілязов те «оппозиция», солай бола тұра екеуі ит пен мысықтай, күндес, бірі екіншісінің аяғынан шалып жүреді. Мамай Әбілязовті «Тазша бала» десе, әбілязовшілер Мамайды «Памперс бала», «Биліктің бауырсақ жобасы» дейді. Қазір екеуінің арасы неге ушығып кетті.

Әбілязовшіл Е.Тұрғынбай мен Ж.Қуанышәлі үнемі Мамайдың «сатқындығын» айтып шүйлігеді. Мұнда қандай гәп бар? Шындығында, «оппозиция» тарихына көз салсақ, Мамай қашқын банкир Әбілязовті бірнеше мәрте «сатып» кетіпті. Әбілязовтің көзімен қарасақ, «сатып кеткен» болады, ал бұл мәселеге бейтарап қарасақ, Мамай қашқын банкирден бірнеше мәрте ақша алып, міндеттемесін орындамай кеткен. Бұл «ұры ит» пен «сұқ ит» жөніндегі тәмсілді еске түсіреді.

2017 жылы «Саяси қалам.Трибуна» газетін шығарып жүріп Жанболат Мамай екі жылға шартты жазаға кесілді. Мұндағы гәп мынада: Әбілязов БТА банктің мол қаржысын жымқырып, Ж.Жарымбетов секілді бірнеше банкирмен шетелге қашып кетті де Қазақстан билігіне «оппозиция» бола қалды. Қашқын банкир өзінің сыбайласы Жарымбетов арқылы Мамайдың "оппозицияшыл" газетін қаржыландыра бастаған. Кейін «жаздым, жаңылдым» деп шетелден елге оралған Жарымбетов сотта Мамайға Әбілязовтің 110 мың доллар апарып бергенін айтып, оны бұлтартпас дәлелмен нақтылаған. Бұл оқиға сотта «Әбілязовтің БТА банктен ұрлаған ақшасын жылыстатуға көмектесу» деп бағаланды. Сөйтіп, Мамай жазаға тартылған, оған журналистикамен шұғылдануға тиым салынды. Бір қызығы ұрлықы ақашаны жылыстатуға немесе легализация жасауға көмектескен адамды бес жылға түрмеге қамаушы еді, ал Мамай шартты жазамен құтылды да кетті. Онысымен қоймай, журналистикамен де, саясатпен де емін-еркін шұғылдана берді. ҰҚК-нің архивін аралап, ашаршылық жөнінде мәлімет алып, «Зұлмат» атты фильм (қаржыны қайдан алды екен) түсірді. Кейін Мамай демократиялық саяси партия құрам деп белсеніп шықты.

Мамай Әбілязовті бұған дейін де талай мәрте тақырға отырғызып кеткен. Әбілязов Ресей ұлтшылы Поткин арқылы Бішкекте «Ашынған қазақ» жобасын дайындағаны белгілі. Жоба бойынша, әбжіл қимылдайтын қазақ жастарын көшеде ұрыс салуға дайындап, Қазақстанда төңкеріс жасау керек болатын. Жанболат басшы, Инга қосшы болып қазақтың жас журналистерін Алматыдан Бішкекке, Поткиннен сабақ алуға бастап барды. Осы қызметі үшін ерлі-зайыпты журналиситерге мол ақша бөлген де Әбілязов. Бірақ «Ашынған қазақ» жобасына қатысқан жастарға ерлі-зайыпты екеу келісілген ақшаны төлемей, мол қаржыны жанқалтасына басып кетті. Сондықтан жас белсенділер мен журналистер Мамайға ренжулі.

Мамай мен Инга бір жоба бастаса қалың қауым журналистің қарсы өре түрегелуінің себебі бұл ғана емес. Ерлі-зайыпты екеу талай журналист пен белсендіні саяси жобаларға қатыстырып, соңында нәпақасын бермей алдап кетті. Мамай мен Ингаға ренжіп, олардың құпиясын шашып жіберетін де солар. Мамай өзінің "демпартия" атты саяси жобасын жандандыруға қосқан белсенділердің кейбіріне жалақы төлемеді, оларды ренжітті" деген сөз желдей есіп тұр. Олар да бір күні Мамайдың, саяси жобаның құпиясын жайып салатыны анық.

Ораз Әлімбеков

Айдары: Түтін 28.07.2021 49

Қатысты мазмұн