Әбілязов өзінің ертегісіне өзі сене ме?

none

Өзін Қазақстан оппозициясының жалғыз және нағыз көсемі санайтын қашқын банкир Мұхтар Әбілязов Франциядағы саяси баспанадан айырылғаннан кейін жанталасып тағы да халықтан ақша сұрауға кірісті. Айтуынша, қазір 37 мың доллар шамасында қаражат жиналыпты. Онысы рас-өтірік екенін ешкім білмейді.

Бірақ анығы, Әбілязов өзінің шынымен де судан таза, сүттен ақ екеніне сеніп қалған сияқты. Бұрынғы өмірі толығымен ұмыт болып, үнемі оппозициялық көзқарастағы демократ болыпты-мыс. Тек ішінде ұйықтап жатқан «демократтың» оянуына үшін БТА-банк оқиғасы қозғау салды.

Қарашадағы президент сайлауында Қазақстандағы заңды билікті құлатамыз деп құлшынған Әбілязов ендігі жолы 19 наурызда өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауында төңкеріс жасаймын деп тағатсызданып отыр.

Қазір де ауыр қылмыс жасауға үндеп, ақша төлеймін деп жар салуда. Бұл жолы мемлекеттік төңкеріс жасау үшін құрыңдар деп үгіттеп жүрген ұяшықтың әрбір мүшесіне 50 миллион теңге (100 000$) төлемекші. Әккі алаяқ банкир бәрін алдын ала есептеп, төлем көздерін де Ұлттық резервтер ($90 млрд) және Назарбаевтың тәркіленген активтері (200 млрд доллар) деп белгілеп қойыпты. Төлемді Уақытша үкімет режим өзгергеннен кейін 1 ай ішінде жасайды деп уәде етіп қояды.

Бұл ақшаға қашан жетемін деп оның ұйқысы қашқан сияқты. Онысы түсінікті де. Сенгіш адамдарға есептелген ертегісіне өзі де сеніп қалған сияқты. «Жалынды төңкерісшіл» бейнесін сомдауға барып салып жатыр. Бірақ «Нью-Қазақстан» құрмақшы болып отырған Остап Бендердің әдепкі бойынша екінші бухгалтериясы бар екені анық. Онда не жазылған екен?

Айдары: Дүрбі 19.01.2023 111

Қатысты мазмұн