Адвокаттың машинасы өртеніп кетті: хайп па, қастандық па?

none

Кеше кешке сағат 10.00 шамасында адвокат Айман Омарованың «Лексус-350» маркалы машинасы жанып кетті. Оқиға Әл-Фараби - Назарбаев көшесінің қиылысында болды. Адвокаттың айтуынша, машинаның алды түтіндей бастаған соң тежегіш басып тоқтатқан. Адвокат қол сөмкесін алып сыртқа шыққанда көліктің алды лапылдап жана бастаған. Өрт сөндірушілер келіп өртті сөндірген, бірақ іші-сырты отқа оранған машина жарамсыз болып қалды.

text

Осы оқыс оқиғаны әркім әртүрлі жорып жатыр. Айман Омарованың «басында тежегіш дұрыс істемей машинамды әзер тоқтаттым» деген сөзін негізге алған журналист Ирина Советжанқызы бұл оқиғаны «қастандық па» деп күмәнді пікір айтты.

Қоғам белсендісі Құрал Сейітханов журналистің пікірімен келіспейді. «Оның көлігін ешкім өртеген жоқ. Көлігімен келе жатқан кезде мотордан өрт шыққан. Бар болғаны осы. Ал ол алды да типа өзін әділетсіздіктің құрбаны болған сияқты етіп көрсетуде. Понт. Жүрген жерінде хайп, мақтан іздеп жүретін байғұс. Даурыға бермей ақылға салайық кішкене» деді ол.

Журналист Тоқтар Жақаш адвокат көлігінің өртенуін техникалық ақауға балайды. «Электр сымдары тұйықталған кез-келген көлік күтпеген жерден өртеніп кетеді. Жолда өртеніп жатқан талай машинаны көрдік. Айман Омарованың көлігін біреу өртеді дегенге өлсем де сенбеймін! Айманның машинасын өртеу үшін жалмауызға да жан керек шығар!» деді ол.

Белгілі адвокат Шынқуат Байжанов «Қазақстан Республикасының 408 бабына сәйкес, адвокат өміріне оның қызметіне байланысты қастандық жасау өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады. Сондықтан шамасы келсе ешкім оған бармайды, ал күштік құрылым үшін адвокатты жазалаудың басқа да оңай жолдары жеткілікті. Сондықтан адвокат Айман Омароваға күштік құрылым қастандық жасапты деген жалған хабар таратамыз деп сотталып кетпеңіздер!» деп ескертті.

«S»

Айдары: Түтін 19.05.2020 128

Қатысты мазмұн