Адам өлтірген Кузнецов қашып кетті

none

Бұл оқиға 2015 жылдың 7 наурызында Алматыдағы «Чукотка» барының алдында болған. Жанжалдың неден шыққаны әлі күнге белгісіз. Анығы - Александр Кузнецов Сырым Мұратқалиевті қатігездікпен аяусыз ұрған. Бірінші соққыдан С.Мұратқалиев құлап түскен. Ал Кузнецов оның ішіне отырып алып, әлдебір қатты затпен бірнеше рет соққы жасаған. Сол соққыдан Муратқалиевтің бет сүйегі сынып ішіне кіріп кеткен. Ауыр жарақаттан ол жан тапсырды.

text

Бұл іс бойынша өткен алғашқы сотта Кузнецовтың әрекеті «абайсызда адам өлтіріп алу» айыбымен бағаланып, оны бір жарым жыл түрме жазасы кескен. Кейін жәбірленуші тараптың арызы бойынша сот-медициналық сараптама қайта жасалды. Кузнецовтың «абайсызда адам өлтірмегені», тергеушілердің «қателігі» анықталды. Алматыдағы апелляциялық сот алқасы Александр Кузнецовты айыпты деп тауып 8 жылға соттаған. Бірақ, түрмеде ол көп болған жоқ.

2018 жылдың 2 шілдесінде сот шешімен Кузнецов бостандыққа шығады. Оның өтелмеген бес жыл жаза мерзімі айыппұлға (1 097 281 теңге) ауыстырылады. Адам өлтірген сотталушының жазасын айыппұлға ауыстырғанда заңдылықты сақтау органы прокуратураның неге қарсылық танытпағаны түсініксіз.

Кузнецовтың түрмеден шығып кеткенін біліп қалған Сырым Мұратқалиевтің туыстары қайта арызданудың нәтижесінде ғана Алматы облыстық соты 2018 жылдың 14 тамызында Кузнецовты түрмеге қайтару жөнінде шешім шығарды. Бұл кезде Кузнецов Қазақстаннан кетіп қалған болатын. Полиция сот шешімін орындауды 30 тамызда бастаған. Полицияның жедел-іздестіру шараларын жүргізетін бөлімінің мәліметінше, Александр Кузнецов 13 тамызда сағат 6.45-те Turkish Airlines (Алматы-Ыстанбұл) рейсімен ұшып кеткен. Қазір оның қайда жүргені белгісіз.

Айдары: Түтін 10.10.2018 4

Қатысты мазмұн