2 мыңнан аса алматылық шетелде вакцина салдырған

none

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева екі мыңнан аса алматылық шетелде вакцина салдырғанын айтты.

ӨКҚ өткен брифингте журналистер қанша алматылық вакцинаны шетелде алып, қалада екпе төлқұжатын тіркегенін сұрады.

"2 мыңға жуық азаматымыз шетелделдік екпе төлқұжатын тіркеуге келді. Шетелде, негізінен Pfizer, AstraZeneca, Moderna компанияларынан вакцина алғандар", - дейді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 82 пайызы вакцина алмағанын айтқан болатын.

Дереккөз: Tengrinews

Айдары: Найзағай 18.11.2021 120

Қатысты мазмұн